Қазақстанның парабиатлон бойынша алғашқы әлем чемпионы Ербол Хамитов 2026 жылғы Италиядағы Паралимпиадада ерлер арасындағы шаңғы спринтінде медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Іріктеу кезеңінен кейін қазақстандық спортшы алтыншы орын алған, бірақ жартылай финалда жеңіп шықты. Шешуші жарыста алты қатысушының арасында Хамитов үшінші орын алып, қола жүлдені иеленді.
Айта кетейік, Хамитов үшін спринттегі бұл жарыс Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы алғашқысы емес. Бұған дейін қазақстандық спортшы парабиатлонда да жарысқа қатысқан.
Ербол Хамитовтың медалі Италиядағы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан үшін алғашқы, ал жалпы қысқы Паралимпиадалар тарихындағы төртінші медаль болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетсек, 28 жастағы Ербол Хамитов 2023 жылы парашаңғы жарысынан әлем чемпионы атанған, ал 2025 жылдың ақпанында парабиатлоннан әлем чемпионатында алтын жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды.
Кейін ол парабиатлон бойынша Әлем кубогының жалпы есебін жеңіп алып, парашаңғы жарысынан әлем чемпионатында тағы бір медаль иеленді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!