06 ақпан 2014 | 11:40

Қазақстан жанкүйерлері Сочиге аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет complete.kz сайтынан Сурет complete.kz сайтынан

Бүгін таң сібірлеп атып келе жатқанда Сочи Олимпиадасына баратын журналистер мен жанкүйерлердің бірінші легі Ресейге ұшып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына баратын журналистер мен жанкүйерлер (негізінен спортшылардың ата-аналары, спорт қайратекерлері) әуелі Алматыға жиналды. Содан соң олар Сочиді екі бағытта бетке алды. Бір топ тікелей Адлерге ұшса, енді бір топ Санкт-Петербург арқылы алыс жолға шықты. Бірақ қайтарда бәрі де Адлер – Алматы тікелей рейсімен ұшып келеді. Естеріңізге сала кетейік, журналистер мен жанкүйерлер екі топқа бөлінген. Бірінші топ Қазақстан спортшыларына 6-15 ақпан аралығында қолдау көрсетсе, екінші топ 15-23 ақпан күндері ел намысын қорғайтын ұл-қыздарымызды демеп-жебеп отырмақ. Бірақ араларында Ақ Олимпиада бастан-аяқ болатын (6-23 ақпан) болатын әр түрлі қызмет көрсетушілер де бар. Олар Сочиде бес жұлдызды "Norwegian Jade" су кемесі лайнеріне орналасады. Олардың бәріне Сочиге жеткен бетте "Жанкүйер төлқұжаты" беріледі. Қазақстандықтарды спорт додаларына арнайы бөлінеген автобустар тасымалдайтын болады. Бірақ қоғамдық көлікке де (пойыздарға да) отырып, спорт кешендеріне баруларына болады. "Жанкүйер төлқұжатымен" қоғамдық көліктің осы түрінде жүру – тегін. Қазақстан журналистері мен жанкүйерлерінің Сочидегі саяхатына қызмет көрсетуші – "Complete service" халықаралық туристік компаниясы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети