Қазақстан жастар құрамасы Мәскеу командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жастар құрамасы Мәскеу командасын жеңді Қазақстан жастар құрамасы. Сурет Vesti.kz сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Санкт-Петербургтегі "Достастық кубогында" өздерінің екінші ойындарын өткізіп, Мәскеу қаласының командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ойынның 11-ші минутында қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, 61-минутта тағы бір қарағандылық Роман Муртазаев есепті еселеп, мәскеуліктердің қақпасына екінші допты соқты. Бұған дейін Латвия құрамасы Белоруссия жастарын 1:0 есебімен жеңіп, екі ойынның қорытындысы бойынша алты ұпайды қоржындарына салған. Соның арқасында "С" тобында латыштар көш бастап тұр. Ертең, яғни 28 қаңтар күні Латвия құрамасы мен Қазақстан жастары кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, "Достастық кубогының" бірінші кездесуінде Саулюс Ширмялис бастаған жастарымыз белорус құрдастарынан 1:4 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Қазақстан сапынан жалғыз голды Бауыржан Исламхан соққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети