27 сәуір 2014 | 20:31

Қазақстан "классиктері" бес жүлде жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – Азамат Құстыбаев. Фото: confederation.kz Суретте – Азамат Құстыбаев. Фото: confederation.kz

Күрес түрлерінен Астанада жалауын желбіреткен Азия чемпионаты бүгін аяқталды. Құрлық біріншілігінің соңғы күні боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Күрес түрлерінен Астанада жалауын желбіреткен Азия чемпионаты бүгін аяқталды. Құрлық біріншілігінің соңғы күні боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде Азия чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. 98 келі салмақ дәрежесінде Ерұлан Ысқақовтың жанкүйерлер мен мамандарды тәнті етіп, жеңімпаз атанғанын жаздық.

Енді қалған төрт салмақтағы жігіттеріміздің көрсеткіштеріне атүсті тоқталып өтсек деп едік. Қалған жігіттеріміз финалға шыға алмай, төртеуі де қола медаль үшін күрескен болатын. Алайда екеуі ғана жеңіске жетіп, үшінші орынға ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіліске ұшыраған екеуі бесінші орынмен шектелді.

66 келі салмақ дәрежесіндегі Айбек Еңсеханов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Ол үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде өзбек Бобирбек Зайлобидиновтан айласын асырды. Оған дейін Ирак балуынын ұтып, жартылай финалда қырғыз қыранына жол берген болатын.

80 келіде бақ сынаған Азамат Құстыбаев та Азияның қола жүлдесіне қол жеткізді. Ол шектен тыс шиеленісті өткен шешуші белдесуде үндіс Сингх Харпрертты 4:3 есебімен ұтты.

Өкінішке қарай, 75 келіде сынға түскен Досжан Қартықов қола медаль үшін Иран балуаны Абдвали Саедпен күресіп, жеңілістің кермек дәмін татты. Осы ретте айта кетуіміз керек, Досжанның жеребесі ауыр түсті. Ол ширек финалда Ирак балуанын ұтканымен, жартылай финалда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионы, Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Хенву Кимге тап болып, жеңіліске ұшырады. Одан кейінгі қарсыласы Иран балуаны болғанын жоғарыда жаздық.

Ең ауыр салмақтағы, яғни 130 келідегі Есенгелді Жалғасбаев та қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде ұтылып қалды. Оны жүлделі орыннан тыс қалдырған Оңтүстік Корея алыбы Йонгмин Ким болды.

Сөйтіп, грек-рим күресі шеберлері үшін де Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы елордада өткен құрлық біріншілігінде бес жүлдеге ие болды:

Алтын – Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі), Ерұлан Ысқақов (98 келі);
Күміс – Мақсат Ережепов (71 келі);
Қола – Айбек Еңсеханов (66 келі), Азамат Құстыбаев (80 келі).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети