Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды Елдос Сметов. © fdk.kz

Дзюдодан Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары командалық біріншілікте үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz Федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.


Дзюдодан Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары командалық біріншілікте үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz Федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ерлер құрамасы бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундқа ауысты, бұл кезеңде Сирияны 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Өзбекстан құрамасынан 2:3 есебімен ұтылды, алайда қола медальдар үшін таласта Қытайдан 4:1 есебімен басым түсті. 

Қазақстанның әйелдер құрамасы да бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундта Иранды 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық дзюдошыларды жапон спортшылары финалға шығармады (1:4), бірақ үшінші орынға таласта Өзбекстанды 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Жарыста Максим Раков, Азиз Қалқаманұлы және Ержан Шынкеев қола медаль алса, әйелдер арасында Гүлжан Исанова күміс медаль алды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети