Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Женевада өткен ширек финалдық кездесуде Қазақстан Швейцариядан 2:3 есебімен ұтылды. Екі құрама арасындағы кездесудің соңғы күнінде Станислас Вавринка Михаил Кукушкин, Роджер Федерер Андрей Голубев ойнаған болатын.
Вавринка мен Кукушкин арасындағы кездесу біз үшін жақсы басталған еді. Алғашқы сет тай-брейкке дейін созылып, онда Михаилдың мерейі үстем болды. Есеп 7:6. Бірақ, екінші сеттен бастап іске білек сыбана кіріскен Станислас қалған сеттерде Кукишкинге еш мүмкіндік бермей, жеңісті жұлып алды. Қорытындысы есеп 6:7, 6:4, 6:4, 6:4.
Бұл командалар арасындағы соңғы кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев әлемнің төртінші ракеткасы Роджер Федерермен кездесіп, үш сеттің қорытындысы бойынша 7:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Федерер командасын теннистен бейресми әлем чемпионатының жартылай финалына алып шықты.
Еске сала кетейік, бұған дейін жарыстың бірінші күні Голубев Вавринканы ұтып, Кукушкин Федерерге жол берген. Ал жұптық кездесуде Голубев пен Недовесов жұбы Феререр мен Вавринкадан айласын асырған. Дегенмен бұл екі жеңіс Қазақстанның жартылай финалға шығуына мүмкіндік бермеді.
Енді Швейцария құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалында Ұлыбритания құрамасын 3:2 есебімен ұтқан Италиямен ойнайды. Ал, жартылай финалдың екінші жұбында Германия және Чехия құрамалары ракетка түйістіретін болады.