09 ақпан 2017 | 22:01

Қазақстан құрамасының биатлоншылары аралас эстафетадан әлем чемпионатына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшыларға жарысқа тінту жұмыстары мен допинг сынамаларынан кейін ғана қатысуға рұқсат берілді. Ұйымдастырушылар допинг сынамалардың нәтижесі келгенше қазақстандықтарды жарыстардан алып тастамау туралы шешім қабылдапты.

Айта кетейік, аралас эстафетаға Қазақстаннан Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун мен Ян Савицкий қатысты. Олар 11-орынға тұрақтады. Ал алғашқы үздікте Германия, Франция және Ресей командалары тұр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерістен өткен еді. Ал кейінірек ҚР Биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үссенов Австрияда өтетін әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының спортшыларынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты түсінік берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети