25 ақпан 2014 | 10:38

Қазақстан құрамасының трансферлік бағасы Еуро-2016 турниріндегі барлық қарсыластарынан төмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©Алаш айнасы Иллюстрация ©Алаш айнасы

2016 жылы Франция жерінде өтетін Еуропа біріншілігінің жеребесі тартылып қойғаны белгілі. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "А" тобында Нидерланды, Исландия, Түркия, Чехия және Латвия елдерімен кездеседі. Осы орайда Vesti.kz спорт порталы біздің топта өнер көрсететін командалардың трансферлік нарықтағы бағасын есептеп шығыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Немістің Тransfermarkt сайтының мәліметіне сүйеніп жасалған тізім бойынша "А" тобындағы ең қымбат ұжым Голландия құрамасында екен. Бұл команданың сапындағы 29 ойыншының жалпы құны 225 000 000 еуроға тең келеді. "Қызғалдақты ел" өкілдерінің арасында ең қымбат ойыншы - Робин ван Перси. Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы трансферлік нарықта 35 000 000 еуро тұрады. Екінші орында Түркия командасы. Олардың құрама қатарындағы 21 ойыншы 94 000 000 еуроға бағаланып отыр. Түріктердің ең қымбат ойыншысы Арда Тұран. Үшінші орында ресми деректерде 18 ойыншысы тіркелген Чехия құрамасы. Бұл ұжымның жалпы трансферлік құны 66 000 000 еуро. Ал, 17 500 000 еуроға бағаланған лондондық "Челси" командасының қақпашысы Петр Чех бұл елдің ең қымбат ойыншысы. Құрамында 21 футболшысы бар Латвия құрамасының трансферлік құны 12 000 000 еуро болса, Исландия құрамасының бағасы 6 800 000 еуроға тең келеді. Ресейлік маман Юрий Красножан тізген Қазақстан құрамасының 25 ойыншысы бұл сайттың мәліметі бойынша 5 625 000 еуро тұрады екен. Біздің құраманың сапындағы ең қымбат ойыншы Генрих Шмидтгаль. Оның бағасы 800 000 еуро. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу сындарындағы алғашқы ойынын Латвия командасына қарсы өткізеді. Бұл матч 9 қыркүйек күні Қазақстанда болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети