Қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында жүлделі болу мүмкіндігі күрт төмендеді. Infostrada сараптама орталығы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жүлделі орындарды иелену мүмкіндігін есептеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын алуы мүмкін. Айта кетейік, 2015 жылдың тамызында мамандар Қазақстан құрамасының 15-орында болатынын айтқан еді. Ол кезде мамандар алтын-күміс-қола жүйесі бойынша ұлттық құраманың 6-4-3 медаль алатынын болжаған еді. Қазір болжам 2-5-7 болып өзгеріп отыр. Айта кетейік, жүлдегерлер тізіміне Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин енгізілмеген. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Мамандардың болжамы бойынша, бірінші орынды 42-24-28 медальмен АҚШ құрамасы алады. Ал екінші орынды 34-31-17 медальмен Қытай елінің спортшылары, үшінші орынды 25-20-24 медальмен Ресей құрамасы алуы мүмкін.
Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5 тамызда Рио-де-Жанейрода басталады. Алдыңғы Олимпиада ойындары Лондонда өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 12-орын алған болатын.