Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев UFC промоушенімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қырғызстандық файтер Рафаэль Физиев UFC промоушенімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Физиевтің айтуынша ол өз арманына жеткен және октогонда екі ел туын ұтсап шығады.
"Мен әлі бұл жаңалықты ой елегінен өткізіп жүрмін. Арманым орындалғанына сене алар емеспін. Бұл мақсатқа жету жолында талай қиындықтан өттім, алайда, ең қиыны әлі алда, сондықтан ұмтылысым арта түсті. Отбасым, жақындарым, достарым, менеджерлер, бапкерлер және спарринг серіктестерімнің көмегінсіз бұл мүмкін емес еді. Иншааллах октогонда екі ту ұстаймын: отаным Қырғызстан мен Әзірбайжан туын, менің әзірбайжан екенімді білдіру үшін", - деп жазыпты Фазиев Instagram желісінде.
Sherdog мәліметінше, Физиев ММА-да өткізген алты жекпе-жегінде де нокаутпен жеңіске жеткен. 2015 жылы ММА-да өнер көрсете бастаған спортшы 21 желтоқсан Titan FC 51 турнирінде қазақстандық Нұржан Тұтқаевты (5-4) нокаутқа түсірді. Бұл оның соңғы жекпе-жегі еді.
ММА-ға Физиев тай боксынан келді, бұл спортта ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар, бірнеше рет Қырғызстан, ал 2008 жылы Қазақстан чемпионы атанған.
Айта кетейік, Физиев 1993 жылы Қазақстанда дүниеге келген, ал 2005 жылы Қырғызстан астанасына көшіп барды.
Физиев UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы Қазақстан тумасы. Мұның алдында әлемнің бірінші промоушенінде этинкалық қазақтар жұдырықтасқан: 2014 жылы Қытайда туған Жұмабек Тұрсын үш жекпе-жегінде де жеңілді, ал 2017 жылы желтоқсанда ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов октогонға Қазақстан және Ресей туын ұстап шықты.