Сурет eurosport.ru сайтынан
23 ақпанда Францияның Ницца қаласында футболдан "Еуро-2016" іріктеу додасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Осыған орай, жеребе тарту барысында УЕФА-ға мүше құрамалардың қай себетте болары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгінде бас бапкерсіз жүрген Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 128-орында. Соған байланысты бас командамыз жеребе тарту кезінде алтыншы, яғни әлсіз құрамалармен бірге бір себетке орналасатын болады. Ал Франция дода қожайындары ретінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне автоматты түрде жолдама алды. Бір қызығы, жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша қай топта бес команда болса, Франция сол топқа қосылып, ресми ойынның орнына жолдастық кездесулерін өткізіп жүре береді. Сонда УЕФА-ға мүше 54 команда тоғыз топқа бөлініп, әр топта алты командадан өнер көрсететін болады. Өзге 53 команда жеребе барысында рейтингтеріне қарай алты себетке бөлінді. Айтпақшы, тұңғыш рет осы жолы іріктеу додасына Гибралтар құрамасы да қатыспақ. Сөйтіп, жеребе 53 команданы тоғыз топқа бөліп тастайды. 2014 жылдың 7 қыркүйегі мен 2015 жылдың 13 қазаны аралағында өтетін іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың екі үздік командасы мен үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары бір құрама "Еуро-2016" додасының финалдық кезеңіне жолдама алады. Өз топтарында үшінші орынды иеленген қалған сегіз команда 2015 жылдың қараша айында өзара електік ойындар өткізіп, тағы төрт жолдаманың иесін анықтайды. УЕФА-ға мүше 53 құрама рейтингтеріне қарай жеребе тарту барысында мына себеттерде болады: Бірінші себет: Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Португалия, Грекия, Ресей, Босния және Герцеговина; Екінші себет: Украина, Хорватия, Швеция, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия; Үшінші себет: Сербия, Түркия, Словения, Израиль, Норвегия, Словакия, Румыния, Австрия, Польша; Төртінші себет: Черногория, Армения, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Белоруссия; Бесінші себет: Исландия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан, Грузия, Кипр; Алтыншы себет: Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар.
23 ақпанда Францияның Ницца қаласында футболдан "Еуро-2016" іріктеу додасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Осыған орай, жеребе тарту барысында УЕФА-ға мүше құрамалардың қай себетте болары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгінде бас бапкерсіз жүрген Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 128-орында. Соған байланысты бас командамыз жеребе тарту кезінде алтыншы, яғни әлсіз құрамалармен бірге бір себетке орналасатын болады.
Ал Франция дода қожайындары ретінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне автоматты түрде жолдама алды. Бір қызығы, жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша қай топта бес команда болса, Франция сол топқа қосылып, ресми ойынның орнына жолдастық кездесулерін өткізіп жүре береді. Сонда УЕФА-ға мүше 54 команда тоғыз топқа бөлініп, әр топта алты командадан өнер көрсететін болады.
Өзге 53 команда жеребе барысында рейтингтеріне қарай алты себетке бөлінді. Айтпақшы, тұңғыш рет осы жолы іріктеу додасына Гибралтар құрамасы да қатыспақ.
Сөйтіп, жеребе 53 команданы тоғыз топқа бөліп тастайды. 2014 жылдың 7 қыркүйегі мен 2015 жылдың 13 қазаны аралағында өтетін іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың екі үздік командасы мен үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші жоғары бір құрама "Еуро-2016" додасының финалдық кезеңіне жолдама алады. Өз топтарында үшінші орынды иеленген қалған сегіз команда 2015 жылдың қараша айында өзара електік ойындар өткізіп, тағы төрт жолдаманың иесін анықтайды.
УЕФА-ға мүше 53 құрама рейтингтеріне қарай жеребе тарту барысында мына себеттерде болады:
Бірінші себет:
Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Португалия, Грекия, Ресей, Босния және Герцеговина;
Екінші себет:
Украина, Хорватия, Швеция, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия;
Үшінші себет:
Сербия, Түркия, Словения, Израиль, Норвегия, Словакия, Румыния, Австрия, Польша;
Төртінші себет:
Черногория, Армения, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Белоруссия;
Бесінші себет:
Исландия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан, Грузия, Кипр;
Алтыншы себет:
Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар.