24 қаңтар 2014 | 13:41

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері бірер күнде анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

0 сентября 2013. Қазақстан - Швеция 0:1. Сурет ҚФФ сайтынан 0 сентября 2013. Қазақстан - Швеция 0:1. Сурет ҚФФ сайтынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері бірер күнде тағайындалады. Бұл туралы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ҚФФ Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.. "Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері кім болатынын және қашан тағайындалатынын айта алмаймын. Бұл мәселе әлі басы ашық күйінде қалып тұр. Дегенмен, бірер күнде бас бапкердің жайы анықталып, ұлттық құрама жаңа жаттықтырушысын табадып деп үміттенемін. Басқа құрамаларға келер болсақ, жастар командасы Санкт-Петербургте өтетін "Достастық" кубогына қатысады. Олардың алдарына үлкен міндет қойылып отыр. Сондықтан, әр ойында тек жеңіске жетуге ғана тырысатын болады. Өткен жылы осы турнирде алтыншы орын алғанбыз. Биыл сол межеден асуға тырысамыз. Өйткені, әрдайым алдымызға жоғары мақсат қоя білуіміз қажет. Жалпы, "Достастық кубогы" барысында жастар құрамасына жақсы жағдай жасалатын болады. Яғни, соған байланысты бізде олардан жоғары нәтижелер талап етуге құқылымыз", - деді Владимир Нидергаус. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 31 қыркүйегінде ҚФФ пен чех маманы Мирослав Беранек арасындағы келісімшарт аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерсіз қалған болатын. Беранектің бастауымен ұлттық құрамамыз 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу додасында өз тобында бесінші орын алған. Ал жастар құрамасының аға бапкері болып 2013 жылдың желтоқсан айында литвалық маман Саулюс Ширмялис тағайындалды. Бұған дейін Оралдың "Ақжайық" командасын жаттықтырған 57 жастағы бапкермен 1+2 жүйесі бойынша келісімшартқа отырды. Оның алдында жастар құрамасы белорус бапкері Сергей Боровскийдің қолында болған. Алайда "Еуро-2015" іріктеу додасының аясында өз алаңында Белоруссия құрамасынан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін ҚФФ Боровскийді қызметінен босатты. Енді Достастық кубогы 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді. 12 команданың қатысуымен өтетін турнирде Қазақстан жастары Латвия, Мәскеу және Белоруссия құрамаларымен бірге "С" тобында өнер көрсетеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети