08 қараша 2014 13:27

Қазақстанда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ауыр атлеттері. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан алынды Қазақстанның ауыр атлеттері. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан алынды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлемдік біріншілік 8-16 қараша аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Алғашқы медальдар жиынтығы 56 келіге дейінгі ерлер арасында сарапқа салынады. Бұл салмақта Қазақстан атынан Арли Чонтей күш сынасады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты сағат 16.00-де болады. Алдында хабарланғандай, Қазақстаннан 15 спортшы қатысады. Оның ішінде үш Олимпиада чемпионы бар: Илья Ильин, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло.

Қазақстан құрамасы алдын ала ұсынған тізімде тағы бір олимпиада жүлдегері Светлана Подобедова да болған, алайда кейіннен жаттықтырушылар кеңесі ол дене жарақатына байланысты өнер көрсете алмайтындығын мәлімдеді. Оны Анна Нұрмұхамбетова алмастыратын болады.

Чемпионатты KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Билет құны 500 бен 15 000 теңге аралығын қамтиды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети