01 қараша 2022 16:17

Қазақстанда спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы төрт есе көбейді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлеріне өмір бойына ай сайын төленетін төлемақы төрт есе өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлеріне өмір бойына ай сайын төленетін төлемақы төрт есе өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық спортшыларға және Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаты жеңімпаздарының жаттықтырушыларына өмір бойына ай сайынғы қолдау мөлшері ұлғайтылды.

Бұл төлем бастапқыда 24 АЕК, яғни 76 380 теңге болып, ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалған болатын. Дегенмен биыл Мәдениет және спорт министрлігінің Үкіметке ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 100 АЕК – 318 мың теңгеге дейін өсті", - деді комитеттегілер.

Өзгерістер тек спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондарын тәрбиелеген жаттықтырушылар да өмір бойына алатын ай сайынғы материалдық қолдауға өтініш бере алады.

Комитет төлем алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында 20 жылдық еңбек өтілі болуы керек екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети