Қазақстанда спортшыларды бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда спортшыларды бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз заңды түрде әкімдерге кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек деп санаймыз. Жетер енді. Өңірлердегі қаражаттың 80 пайызы футболшыларға жұмсалып жатыр. Қашанға дейін осылай болады? Мен бір мысал келтірейін, таяуда бір спортшының клубы 5 миллион еуроға келісімшартқа отырды. Біз Қазақстанда спортты тамытуға 229 миллион теңге жұмсасақ, мұнда бір футболшының өзіне 2 миллиард теңгедей жұмсалып отыр", - деді депутат.

"Балалар-жасөспірім футболын қаржыландырайық. Стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық, бірақ тек мына футболшыларды емес - 5 миллион еуроға", - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, кәсіпқой спортты бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар мен демеушілер қаржыландыруы қажет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети