08 қараша 2016 00:23

Қазақстандық 16 жастағы қыз арбада отырып билеуден өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының тұрғыны Малика Мұқтарова Тайваньда арбада отырып би билеуден өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың әпкесі Самал Асанова айтып берді.


Қостанай қаласының тұрғыны Малика Мұқтарова Тайваньда арбада отырып би билеуден өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың әпкесі Самал Асанова айтып берді.

16 жастағы Малика woman single категориясындағы жарыстарда өнер көрсетеді екен. "Бүгін мен түнгі сағат екіде әпкемді Тайваньнан күтіп аламын. Ол Тайваньда арбада отырып би билеуден алтын жүлдеге ие болды. Оның жасы 16-да және ол бізбен, яғни ересектермен салыстырғанда күш-жігері мың есе көп",- деп жазған еді Асанова осыған дейін Instagram желісіндегі парақшасында.

Жеңімпаз қыздың әпкесінің айтуынша, Қостанайдағы мүгедектерге арналған ұйымда Малика шамамен 3-4 жылдай өнер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, Асанова Маликаның бірінші топтағы мүгедек екенін айтып өтті. Ол дүниеге келгеннен бері арбаға танылған екен. "Малика барлық жарысқа анамызбен бірге барады. Бірақ бұл жолы сапардың бағасы қымбат болғандықтан, спорт комитетіндегілер жолдың ақшасын Малика мен оның бапкеріне ғана төледі",- дейді қыздың әпкесі. Анасы жолдың ақшасын төлей алмаған, себебі отбасында церебралды сал ауруымен ауыратын 10 жастағы тағы бір мүгедек қыз бар екен.

Айта кетейік, Мұқтарова қыркүйек айында Санкт-Петербургте өткен Кубокта қола жүлдені иеленген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети