Қазақстандық әкім Ironman атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ержан Темірханов Ержан Темірханов

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов Италияда өткен беделді Ironman жарысына қатысып, "темір адам" статусына ие болды. Шенеунік триатлоннан өткен осы жарысқа сегіз ай дайындалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов Италияда өткен беделді Ironman жарысына қатысып, "темір адам" статусына ие болды. Шенеунік триатлоннан өткен осы жарысқа сегіз ай дайындалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ержан Темірханов жаттығу шараларын биыл ақпанда бастаған. Ол дайындық алаңы ретінде Саран қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған Олимпиадаға дайындық алаңын таңдаған. 

"Ержан Оралұлы бізде ақпаннан бері дайындалып келеді. Ол күн сайын келетін, тек жексенбіде ғана демалатын. Күніне екі мезгіл дайындалады: таңертең және кешкі уақытта. Біздің білуімізше, ол кісі бұрындары ешқандай спортпен кәсіби тұрғыда айналыспаған. Ол барлығын нольден бастап, сегіз айда Ironman атағына ие болды. Онымен біздің тәжірибелі бапкерлеріміз айналысты. Бұл жерде ол Италияға дейінгі екі кезеңді өткерді", - дейді Саран қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған Олимпиадаға дайындық мектебінің басшысы Райымбек Сыздықов. 

Темірханов триатлоннан өткен халықаралық жарысқа қатысатынын көпшілікке айтып жар салмаған. Ол Италияға өздігінен барған. 

Ironman жарысы қыркүйектің соңында Италия облыстарының бірінде өткен. Спортшылар 3,8 шақырым жүзіп, 180 шақырымды велосипедпен бағындырып, 42 шақырымды жүгіріп өткен. Жалпы есепте - 225 шақырым. Ержан Темірханов осы қашықтықты 11 сағат 46 минут 7 секундта бағындырып, Ironman медалін иеленген. 

Шенеуніктің өзі сұхбат беруден бас тартты. Ержан Темірханов 2017 жылы мамырда Саран қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін ол Қарағандыдағы Октябрь ауданын басқарған еді. 38 жастағы шенеунік үйленген және үш баланы тәрбиелеп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.67  course up  587.02  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro