10 наурыз 2022 | 13:22

Қазақстандық ауыратлеттің қола жүлде үшін алатын сыйақысы қайта қаралады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Ұланов. Фото: olympic.kz Денис Ұланов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыратлет Денис Ұлановқа 2016 жылы Олимпиада ойындарындағы нәтижесі үшін төленген сыйақысы сотта қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыратлет Денис Ұлановқа 2016 жылы Олимпиада ойындарындағы нәтижесі үшін төленген сыйақысы сотта қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі мәліметінше, Ұланов 2016 жылғы Олимпиада ойындарында төртінші орын алған. 2018 жылы нәтиже қайта қаралып, Халықаралық Олимпиада комитеті оған үшінші орын берген. 2021 жылдың 23 тамызында спортшы Ауыр атлетика федерациясына үндеу жасап, Олимпиаданың қола жүлдесі үшін қарастырылған сомада төлем сұраған еді.

2021 жылдың қарашасында Әділет министрлігі төлемдер сомасын қайта қарауға заңды негіз жоқ екені туралы қорытынды шығарған, өйткені заң нормалары оны қабылдағанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Сол жылдың желтоқсанында Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және мәдениет істері комитеті Денис Улановқа төлемдерді қайта қарауға негіз жоқ деген жауап жолдаған. Осыған байланысты зілтемірші Мәдениет және спорт министрлігін төлем сомасын қайта қарауға мәжбүрлеу туралы сотқа шағым түсірген.

Сот мәліметінше, "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның 45-бабында Халықаралық Олимпиада комитеті жоғары спорт жүлдесін берген кезде халықаралық спорт жарыстарының чемпиондары мен жүлдегерлерін ақшалай көтермелеу сомалары қайта қаралатыны көрсетілген. Бұл ереже 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілген.

Мәдениет және спорт министрлігінің төлемдер сомасын қайта қараудан бас тарту негіздерінде заң нормасының кері күші жоқтығы, сондықтан даулы құқықтық қатынастарға қолдануға болмайтыны көрсетілген. "Құқықтық актілер туралы" заңға сәйкес, нормативтік құқықтық акті заң нормасы азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған жағдайда, ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға да таралады. Қолданыстағы заң төлемдер сомасын қайта қарау міндетін қарастырады.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы қаулысы бойынша талап арыз қанағаттандырылды, төлемдер сомасын қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды. Сот Мәдениет және спорт министрлігіне төлемдер сомасын қайта қарауды міндеттеді", - делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Денис Ұланов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші болған. Спортшы жұлқи көтеруде 175 келіні, серпе көтеруде 215 келіні (барлығы 390 келі) бағындырып, Габриэл Сынкрэянмен тең түскен. Алайда оның қарсыласы жеңілірек болғандықтан Олимпиаданың қола жүлдегері атанған, ал Ұланов 4 орынды иеленді.

Алайда, кейін Габриэл Сынкрэян допинг қолданғаны үшін дисквалификацияланды және қола медаль Ұлановқа ресми түрде берілген. 2018 жылдың қарашасында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының IWF президенті Тамаш Аян көптен күткен жүлдені Ұлановқа тапсырған.

Қазақстандық ауыратлет допинг дауынан кейін жүлде сыйақысын талап етті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети