Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды Фото: Olympic.kz / United World Wrestling

Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камил Куруглиев үшінші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камил Куруглиев үшінші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, еркін күресші әлем чемпионатында жартылай финалға шығып, ресейлік Мұстафагаджи Малачдибировтен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы қола жүлде үшін күресті. Оған ирандық Амирреза Далири қарсы шықты. Куруглиев 8:5 есебімен жеңіске жетіп, қола жүлдегер атанды.

8 қыркүйек, жексенбіде сынға түскен қазақстандық Әбдінұр Нұрланбек (61 келіге дейін) үшінші орын үшін белдесуде Бхуванештен (Үндістан) жеңіліп, бесінші болды.

Бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) әлем чемпионы атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети