19 тамыз 2016 03:09

Қазақстандық балуан Ларионова ел қоржынына тағы бір медаль салып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

63 келіге дейінгі салмақта белдесетін қазақстандық балуан Екатерина Ларионова әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


63 келіге дейінгі салмақта белдесетін қазақстандық балуан Екатерина Ларионова әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қола медаль үшін белдесуді 22 жастағы Ларионова 29 жастағы америкалық Елена Пирожковамен өткізді. Бірінші кезеңде америкалық балуан үш ұпай алған болатын. Ал екінші кезеңде қазақстандық спортшы қарсыласын таза әдіспен жеңіп кетті.

Айта кетейік, Ларионова алғашқы белдесуінде Беларусь спортшысы Мария Мамашуктен жеңілген болатын. Алайда белорус финалға шыққандықтан, қазақстандық балуан қола медаль үшін таласқа жолдама алды. Қорытындысында Ларионова Швеция спортшысы Хенна Йоханссонды жеңді. Ларионованың медалі Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасындағы 14-ші медалі болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети