01 қараша 2024 | 13:02

Қазақстандық бапкер “жалған жарыстар үшін“ 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, оның барысында бапкерге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Қостанай облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, оның барысында бапкерге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

21 қазанда Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті.

"Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Жаттықтырушы түскен ақшаны өзіне алған. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 миллион теңге болады.

"Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аудару арқылы заңды айналымға тартты, ол жерден ай сайынғы сыйақыны 9,6 пайыздық мөлшерлемемен алды. Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге болды.

Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау") 218-бабының 1-бөлігі ("Ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту") бойынша сараланады".

Санкция баппен алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети