Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолы Вишневская әйелдер арасында 12,5 шақырымдық масс-старт жарысында жеңімпаз атанды. Бір рет қана мүлт кетіп, ол барлық қышықтықты 39 минут 26,6секундта бағындырды. Екінші болып, тағы бір қазақстандық спортшы Алина Райкова (+44,4) келді, ал үшінші болып отандасымыз Дарья Усанова (+1:33,1) келді, бірақ Азиада-2017 ережесі бойынша, жеңісті тұғырға бір елден екі ғана спортшы шыға алады. Сол себепті жарысты төртінші болып аяқтаған жапониялық Фуюко Татидзаки қола медальді иеленетін болады.
Вишневская әйелдер арасындағы 10 шақырымға із қуу жарысында үздік болған.
Еске салайық, Вишневская Қазақстан қоржынына 7,5 шақырымға спринтерлік жарыста алтын медаль алған еді. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын.