Қазақстандық дзюдошы "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті Instagram/abiba48

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен "Үлкен дулыға" турнирінде қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен "Үлкен дулыға" турнирінде қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport. 

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түскен Әбужақынова қола жүлде үшін 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері италиялық Ассунта Скуттоны жеңді.

86 секундта қазақстандық әйел "иппон" ұпайын жинап, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 25 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионатында күміс алса, кейін 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

"Бүгін әлемдік Grand Slam жарысының екінші қола жүлдесіне қол жеткізіп отырмын. Бұйырса, келесі меже - алтын. Бүгінгі нәтижеме көңілім толады және үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Десе де, жаттығуды жалғастырып, бұдан да жоғары жетістікке жетемін деп сенемін. Мені қолдап, жанкүйер, жанашыр болған баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін! Қасымнан табылған және маған сенген жандарға ерекше рақмет", - Әбиба Әбужақынова Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abiba Abuzhakynova (@abiba48)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети