Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
11 қаңтарда өткен аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек Мәскеуде сингапурлық Rebel FC промоушенінің турнирінде болды. Екінші раундта Ванг қазақстандықтың бауырынан тепкен - Көдеков жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, 25 жастағы Вангтың еншісінде 11 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Ал шетелде алғаш рет жекпе-жек өткізген Көдеков карьерасында екінші рет жеңіліп отыр, одан бөлек, спортшы алты рет жеңіске жеткен.
Айта кетсек, Rebel FC промоушені 2013 жылы құрылған, ал Мәскеудегі турнир компанияның Еуропадағы алғашқы жарысы болды. Турнирлердің көбі Қытайда өтеді.