13 қаңтар 2020 09:18

Қазақстандық файтер бауырынан соққы жіберіп, нокаутпен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Көдеков - Шуо Ванг жекпе-жегі. Фото: Rebel FC Айдын Көдеков - Шуо Ванг жекпе-жегі. Фото: Rebel FC

Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Қазақстандық файтер Айдын Көдеков қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

11 қаңтарда өткен аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек Мәскеуде сингапурлық Rebel FC промоушенінің турнирінде болды. Екінші раундта Ванг қазақстандықтың бауырынан тепкен - Көдеков жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, 25 жастағы Вангтың еншісінде 11 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Ал шетелде алғаш рет жекпе-жек өткізген Көдеков карьерасында екінші рет жеңіліп отыр, одан бөлек, спортшы алты рет жеңіске жеткен. 

Айта кетсек, Rebel FC промоушені 2013 жылы құрылған, ал Мәскеудегі турнир компанияның Еуропадағы алғашқы жарысы болды. Турнирлердің көбі Қытайда өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети