Қазақстандық файтер Хабиб Нурмагомедовпен бір турнирге қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Хабиб Нурмагомедовпен бір турнирге қатысады Сергей Морозов. Фото: M1©

Қазақстандық Сергей Морозов 24 қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Сергей Морозов 24 қазанда UFC-дегі дебютін өткізеді. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 турнирінде өтеді. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи кездеседі. Турнир Әбу-Дабидегі (БАӘ) Жауынгерлер аралында өтеді. 

Морозов UFC-ге аса жеңіл салмақта M-1 Global чемпионы ретінде ауысты. Ақтөбе тумасы соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізіп, америкалық Джош Реттингхаусты төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

31 жастағы Морозов ММА-дегі карьерасын 2008 жылы бастаған. Еншісінде 16 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. UFC-дегі қарсыласы кешірек хабарланады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети