Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанды Фото: https://olympic.kz/

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімі бойынша, 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети