Қазақстандық гроссмейстер Интернеттің нашар болуына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық гроссмейстер Интернеттің нашар болуына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды Фото: Instagram/dinara.saduakassova

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар Интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар Интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, Интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турнирінен шығуыма тура келгенін хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда Интернетпен қиындықтар бола берді", - деді Сәдуақасова.

Ол әр партияда Интернетті көбірек ойлауға тура келгенін айтты. "Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын", - деді шахматшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ♛DINARA SADUAKASSOVA (@dinara.saduakassova)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети