Қазақстандық каратэші жартылай финалға шықты, қоржынға сегізінші медаль түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық каратэші жартылай финалға шықты, қоржынға сегізінші медаль түседі Фото: olympic.kz. Тұрар Қазанғапов©

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасында 61 келіден жоғары салмақта үшінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасында 61 келіден жоғары салмақта үшінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берульцева алғашқы кездесуінде түркиялық Мельтем Ходжаоглумен тең түсіп, екінші жекпе-жегінде италиялық Сильвия Семерародан басым түскен.

Ал үшінші қарсыласы әзербайжандық Ирина Зарецка болды. Қазақстандық каратэші оны 5:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Демек, Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түседі. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети