07 тамыз 2017 10:27

Қазақстандық "Конор МакГрегор" Нью-Йорк тұрғындарын дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/badurgovislam © Instagram.com/badurgovislam

Қазақстандық спортшы Ислам Бадургов UFC файтері Конор МакГрегор болып жасанып, америкалықтарды тағы да алдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық спортшы Ислам Бадургов UFC файтері Конор МакГрегор болып жасанып, америкалықтарды тағы да алдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram желісіндегі the.almat парақшасында жарияланды. Видеоның жазбасында жазылған хэштегтер бойынша қазақстандық Конор Манхэттеннің орталық бөлігіндегі Тайм-сквер алаңын таңдағаны көрінеді. 

Қазақстандық бұл жолы да атақты ирландиялық спортшы болып, дүйім жұртты өзіне қаратты. Видеода Ислам Бадургов мініп келген көлікті жергілікті полицейлер күзетіп отырған. 

Еске салайық, қазақстандық спортшы Ислам Бадургов UFC файтері Конор МакГрегор болып жасанып, Лос-Анджелес тұрғындарын алдап соқты. Ислам Бадурговтың командасы ұйымдастырған пранк Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезердің алдағы жекпе-жегіне орай түсіріліпті. Қазақстандық бетіне грим жасап, уақытша татуировка салып, шаш үлгісін өзгерткен. Ол Bentley кабриолетімен Лос-Анджелес көшелерінде жүріп, жұртты таңғалдырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети