05 маусым 2022 09:07

Қазақстандық құрама файтері UFC турнирінде жеңіске жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
©UFC

Қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасы атынан шыққан ресейлік UFC файтері Мовсар Евлоев (16-0) америкалық промоушенде жеңіске жетті. Ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 56 турнирінде жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 жастағы Евлоевтің қарсыласы 30 жастағы америкалық Дэн Иге (15-6) болды. Жекпе-жек алдында Дэн жеңіл салмақтағы үздік ондықта болса, Мовсар рейтингте 13-орынға тұрақтаған. Жекпе-же нәтижесінде 30:26, 30:27, 30:27 есебімен төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша ресейлік файтер жеңіске жетті.

Бұл - жеңілмеген Мовсардың 16 жекпе-жектегі 16-жеңіс, ал UFC-дегі алтыншы жеңісі. Иге болса үшінші рет қатарынан жеңілген. Бұл оның мансабында алтыншы жеңілісі болды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, дәл осы турнирде Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC аясындағы екінші жекпе-жегінде қатарынан жеңілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram