22 жастағы қазақстандық файтер қыз Мария Агапова ірі ММА-промоушенінің ростерін толықтырды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FightTime.ru басылымына сілтеме жасап. UFC-мен келісімшартқа қол қойғаны туралы аса жеңіл салмақтағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Мария Агапова былтыр жазда да UFC-мен келісімшарт жасасқысы келген, ол кезде Dana White's Contender Series шоуына қатысқан, алайда Трэйси Кортезге жол беріп, мүмкіндігін жіберіп алған.
Осыдан кейін Агапова Invicta FC промоушенімен келісімшарт жасасып, онда екі кездесу өткізген, Алекс Коннерсті қылғындыру әдісімен, ал Марилия Сантосты техникалық нокаутпен жеңген.
Агапованың рекорды - 8 жеңіс, оның ішінде алтауы мерзімінен бұрын және 1 жеңіліс.
Басылым биыл жазда UFC Нұр-Сұлтан қаласында 13 маусымда тұңғыш рет шоу өткізбек болғандықтан келісімшарт жасалған деген тұжырым жасап отыр.