Қазақстандық Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті Сергей Морозов. Фото: MMA Junkie©️

Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 31 турнирінде UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 31 турнирінде UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Arlan MMA Pro командасының 32 жастағы өкілі екінші жекпе-жегін 29 жастағы ливандық неміс файтер Халид Тахиге (13-4-0-1) қарсы өткізді.

Кездесу соңында Морозов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Үшеуі де қазақстандыққа басымдық берді, үш раунд қорытындысы бойынша есеп - 30:27.

Морозов үшін бұл әлемдегі ең танымал лиганың аясындағы алғашқы жеңіс. Биыл қаңтарда ол UFC-де дебют жасаған болатын, бірақ оны ресейлік Омар Нурмагомедов (13-0) тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Енді ақтөбелік спортшының есебінде нокаутпен сегіз жеңіс, үш сабмишен және төрешілердің шешімімен алты жеңіс бар. Тахиге келер болсақ, ол UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңілді. Оның еншісінде тек бір жеңіс бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети