Қазақстандық Олимпиада жүлдегеріне қатысты дау: федерация пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Олимпиада жүлдегеріне қатысты дау: федерация пікір білдірді Нижат Рахимов. Фото:olympic.kz

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы (ААФ) 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты алтын медалінен айыруға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы (ААФ) 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты алтын медалінен айыруға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов Спорттық арбитраж сотының (CAS) Допингке қарсы департаменті "күтпеген шешім" жасағанын айтты. Оның айтуынша, тыңдау кезінде Рахимовтың адвокаттары айтқан деректер айтарлықтай сенімді болған.

"Тыңдау сәтінен бастап, одан бері алты ай өтті, спортшыға да, федерацияға да қосымша өтініштер мен түсініктемелер түскен жоқ. Айта кетейік, бұл сот отырысы CAS допингке қарсы департаменті деңгейінде бір арбитрмен өткендіктен, бұл үкім бірінші инстанция шешімі саналды", - деді ол.

Нұралинов ААФ допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын айтты.

"Алайда бұл жағдайда Халықаралық ауыр атлетика федерациясына және сол кездегі допинг-бақылау жүргізген органдарға бірқатар сұрақ туындап отыр. Федерация біздің спортшымызға қолдау көрсетуге және CAS допингке қарсы департаменті шешіміне шағымдануға одан әрі көмек көрсетуге дайын", - деп түйіндеді сөзін Алдияр Нұралинов.

Бұған дейін ауыратлет медалінен айырылуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети