Қазақстандық Паралимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Токиодағы Паралимпиадада сәтті өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларға ақшалай сертификат табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Токиодағы Паралимпиадада сәтті өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларға ақшалай сертификат табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент жарлығы бойынша, Давид Дегтярев III дәрежелі "Барыс" орденімен, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев - "Парасат" орденімен, Нұрдәулет Жұмағали - "Құрмет" орденімен марапатталған.

Парапауэрлифтингтен Давид Дегтяревке 106 миллион теңге, дзюдошылар Зарина Байбатина, Теміржан Даулет, Әнуар Сариевке - 63 миллион теңгеден, Нұрдәулет Жұмағалиға 31 миллион теңгенің сертификаты берілген.

"Токиодағы Паралимпиада ойындарында бүкіл әлем адам еркінің, темір шыдамдылығы мен өмірге деген ұмтылыстың жоғары көрінісіне куә болды. Тағдыр адамның мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін, бірақ оның еркін шектей алмайды. Біз бүкіл әлем паралимпиадашыларының батылдығы мен табандылығына таңданамыз. Және бұл заңды да. Себебі, сіздер барлық қиындық пен кедергіні еңсеріп, спорт шыңын бағындырып, өзіңіз және өз еліңіз үшін үлкен табысқа қол жеткізе алдыңыз. Бұл құрмет пен таңдануға тұрарлық іс", - деді Қырымбек Көшербаев.

Токио Паралимпиадасының жүлдегерлері Давид Дегтярев пен Теміржан Дәулет қазақстандық спортшылардың атынан Мемлекет басшысына Паралимпиадада өнер көрсетуге дайындығына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro