Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте бірден бес орынды иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте бірден бес орынды иеленді Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Шахматтан Қазақстан құрамасының мүшелері жасөспірімдер арасындағы әлемдік Топ-20 рейтингінен бірден бес орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахматтан Қазақстан құрамасының мүшелері жасөспірімдер арасындағы әлемдік Топ-20 рейтингінен бірден бес орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемдегі ең үздік шахматшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады. Жасөспірімдер арасында Топ-20-ға Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Лия Құрманғалиева кірді. Алғашқы жиырмалыққа Үндістанның төрт өкілі мен екі қытайлық кірген.

Фото: FIDE.

Сонымен қатар, ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 16-орынға тұрақтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети