Қазақстандық спорт жұлдыздары жаңажылдық комедияның түсірілімдеріне қатысып жатыр

08 Желтоқсан 2016, 13:58
0
Қазақстандық спорт жұлдыздары жаңажылдық комедияның түсірілімдеріне қатысып жатыр - © Ұлттық Олимпиада комитеті
© Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық спорт жұлдыздары жаңажылдық комедияның түсірілімдеріне қатысып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Олимпиада чемпиондары мен жұлдыздары түскен фильм 31 желтоқсанда көрсетіледі.

Айта кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары бір апта бұрын Алматыда басталған. Еліміздің чемпиондары қазақстандық көрермендерді үйреншікті емес рөлдерімен таңғалдырмақшы. Барлығына танымал хиттер олардың орындауында мүлде басқаша орындалады. Фильмге боксшыларымыздан Василий Левит пен Данияр Елеусінов, дзюдошы Елдос Сметов, жүзуші Дмитрий Баландин, балуан Гүзел Манюрова, ауыратлеттер Жазира Жаппарқұл мен Нижат Рахимов түседі.


ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті жолдаған суреттер

"Бұл Жаңа жылға арналған жоба, - дейді Василий Левит. - Менің білуімше, фильм 31 желтоқсанда көрсетілетін болады. Менің қандай рөлде ойнайтынымды сұрап жатсыздар ма? Мен өзімді ойнаймын. Бірақ онда менің басымнан қандай оқиғалар өтетінін Жаңа жылда білетін боласыздар (күледі). Жобаның мақсаттарының бірі - арманның орындалатынына сену. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе: өте ұнады, қызық болды. Тіпті кадрда да ән айттым, егер де оны ән айту деп санауға болатын болса. Менің ән айтатын өнерім жоқ. Қысқасы, өздеріңіз барлығын көресіздер", - деді Василий Левит.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай