Қазақстандық спортшы атақты Джефф Монсонды нокаутқа жіберді

Джефф Монсон. Фото prosportkz.kz сайтынан алынды

Alash Pride командасының мүшесі, қазақстандық жуанжұдырық Шахмарал Жетпісбаев америкалық белгілі спортшы Джефф Монсонды Diamond Fight-Дружба турнирі аясында өткен жеке-жек кезінде нокаутқа жіберді. Турнир наурыздың 22-і күні Алматыда өткен болатын.

Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады. Негізінен бұл екі спортшы 90 килограммнан жоғары салмақта төбелесетіндер қатарынан.

Бұл жекпе-жектің әр қайсысы 5 минуттан екі раундқа созылуы керек болған. Алайда ол уақыт кімнің жеңіске жететінін анықтауға жеткіліксіз болды.

Реклама
Реклама

Сол себепті, кімнің мықты екенін анықтау үшін ІІІ раунд басталғаны сол-ақ екен Шахмарал қарсыласын нокаутқа жіберді. Жетпісбаев үшін бұл осы кезге дейін өткізген 5 жекпе-жегінің 3-жеңісі болатын. Турнирдегі басқа жекпе-жектер туралы мына жерден оқыңыз. Джефф Монсон – тәжірибелі, әрі атақты спортшы.

Биыл ол 43 жасқа толып отыр. Ол өз өмірінде аралас жекпе-жектің майын ішкен, есімі әлемге әйгілі Чак Лидделл, Форрест Гриффин, Тим Сильвия, Педро Риззо, Джош Барнетт, Рой Нельсон, Сергей Харитонов, ағайынды Емельяненко және басқа да атақты спортшылармен жекпе-жек өткізген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама