Қазақстандық спортшы атақты Джефф Монсонды нокаутқа жіберді

23 Наурыз 2014, 11:22
1
Қазақстандық спортшы атақты Джефф Монсонды нокаутқа жіберді - Джефф Монсон. Фото prosportkz.kz  сайтынан алынды
Джефф Монсон. Фото prosportkz.kz сайтынан алынды
Қазақстандық спортшы атақты Джефф Монсонды нокаутқа жіберді - Шахмарал Жетпісбаев. Фото ©Vesti.kz
Шахмарал Жетпісбаев. Фото ©Vesti.kz
Alash Pride командасының мүшесі, қазақстандық жуанжұдырық Шахмарал Жетпісбаев америкалық белгілі спортшы Джефф Монсонды Diamond Fight-Дружба турнирі аясында өткен жеке-жек кезінде нокаутқа жіберді. Турнир наурыздың 22-і күні Алматыда өткен болатын. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады.

Негізінен бұл екі спортшы 90 килограммнан жоғары салмақта төбелесетіндер қатарынан. Бұл жекпе-жектің әр қайсысы 5 минуттан екі раундқа созылуы керек болған. Алайда ол уақыт кімнің жеңіске жететінін анықтауға жеткіліксіз болды. Сол себепті, кімнің мықты екенін анықтау үшін ІІІ раунд басталғаны сол-ақ екен Шахмарал қарсыласын нокаутқа жіберді. Жетпісбаев үшін бұл осы кезге дейін өткізген 5 жекпе-жегінің 3-жеңісі болатын. Турнирдегі басқа жекпе-жектер туралы мына жерден оқыңыз.

Джефф Монсон – тәжірибелі, әрі атақты спортшы. Биыл ол 43 жасқа толып отыр. Ол өз өмірінде аралас жекпе-жектің майын ішкен, есімі әлемге әйгілі Чак Лидделл, Форрест Гриффин, Тим Сильвия, Педро Риззо, Джош Барнетт, Рой Нельсон, Сергей Харитонов, ағайынды Емельяненко және басқа да атақты спортшылармен жекпе-жек өткізген болатын.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай