Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Порталдың мәліметінше, Товченик "Большой летний Кубок на приз Гераклиона" турниріне қатысып, А тобында (кәсіби спортшылар) үшінші орын алды. Бірақ жарыстан кейін қазақстандықтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Оның сынамасынан Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі (WADA) тыйым салған субстанциялар табылды.
Турнирдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, допинг-сынаманың қорытындысынан кейін спортшының көрсеткіштері жойылды. Ол үшінші орнынан айырылып қана қоймай, алған сыйлықтарын қайтарып беруге міндеттелді. Айта кетейік, жарыс Мәскеу қаласында 18-19 шілдеде өтті.