Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында тағы бір “алтын“ жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында тағы бір “алтын“ жеңіп алды Фото: ҚР ҰОК, Нұрғали Жұмағазы

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы фристайл-акробатика бойынша синхронды секіру дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы фристайл-акробатика бойынша синхронды секіру дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Команда құрамында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші орын алған болатын. Сондай-ақ, Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлдеге ие болды, ал аралас команда күміс медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Азиада-2025 ойындарында шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар бұл спорт түрінен алғаш рет алтын медаль еншіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети