Қазақстандық Сұлтанмұрат Миралиев велоспорттан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Сұлтанмұрат Миралиев велоспорттан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыс Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Миралиев ең үздік көрсеткішке қол жеткізді, ол төрт кезеңде де бірінші бестітен көрінді: скретч 10 шақырым, темпо рейс 10 шақырым, жарыстан шығып отыру, ұпай үшін жарыс және 25 шақырым). Барлық жарыс қорытындысы бойынша ол 132 ұпай жинады.
Айта кетейік, Миралиев өткен жылы Нидерландыда өткен әлем Кубогінің кезеңінде қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының омниум бойынша көшбасшысы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан Артем Захаров. Ол да осы Азияда өтіп жатқан жарыста Қазақстанның намысын қорғайтын болады.