04 тамыз 2020 14:03

Қазақстандық үш балуан жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kazakhstan__wrestling Фото: kazakhstan__wrestling

Қазақстандық үш балуан жол апатына түсіп көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық үш балуан жол апатына түсіп көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 3 тамызда Жамбыл облысындағы тасжолда болған. Жақсыбек Қарабалаев және Байбазар Жанбота апат болған жерде, сондай-ақ ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болған.

Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы Instagram парақшасында жазды.

"Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық.

Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети