Қазақстандық үш бірдей ауыратлетке допинг қолданды деген күдік келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Ауыр атлетика федерациясы © ҚР Ауыр атлетика федерациясы

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы әрі 2015 жылғы қола жүлдегер Жасұлан Қыдырбаев допинг үшін өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы әрі 2015 жылғы қола жүлдегер Жасұлан Қыдырбаев допинг үшін өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, бүгін, 24 желтоқсанда Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қазақстандық тағы екі ауыратлет Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды допинг қолданды деген күдік туғаны үшін уақытша шеттеткені белгілі болды. Мәлімдемеде қазақстандықтардың допинг-сынағында тыйым салынған заттардың анықталғаны жазылған. Федерация жалпы 17 спортшыны уақытша шеттетіп отыр. "Қара тізімге" ілінгендердің қатарында Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Беларусьтің, Грекияның, Молдованың және Солтүстік Кореяның өкілдері бар. 

Егер Қыдырбаев тыйым салынған затты қасақана қолданды деген нұсқа дәлелденсе екінші мәрте ескерту алғандықтан ол ұзақ мерзімге, тіпті өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін. Ал егер штангашы ағзасына заттың кездейсоқ түсіп кеткенін дәлелдей алса дисквалификация алып тасталады.  


© ҚР Ауыр атлетика федерациясы

Басылымның мәліметінше, 2013 жылдың қаңтар айында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мүшелері Мьянмада өткен Азия жастар біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алған Қыдырбаевтың қанында допинг тауып, екі жылға дисквалификацияға ұшырағанын хабарлаған болатын. Дисквалификацияның мерзімі 2014 жылдың 11 қарашасында аяқталды. Ал төрт күн өткеннен кейін ол Алматыда әлем чемпионатын жеңіп алды.

Еске салайық қазақстандық штангашылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай 20-29 қарашада Хьюстонда өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өтешов күміс медаль, осы салмақта Қыдырбаев қола жүлде алған болатын. Ал Ермек Өміртай медальға іліге алмаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro