16 сәуір 2016 12:04

Қазақстандықтар дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде үш алтын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Ісметов. © fdk.kz Елдос Ісметов. © fdk.kz

Ташкентте дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Чемпионаттың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар үш алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ташкентте дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Чемпионаттың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар үш алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Отгонцэгцэг Галбадрах алтын жеңіп алды. Ол ақтық сында Моңғолия спортшысынан басым түсті. Мариан Ұрдабаева финалда 63 келі салмақта жапон спортшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Елдос Ісметов жеңіске жетті. Шешуші айқаста Елдос өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевты жеңді. Елдос Жұмақанов (66 келі) қола медаль алды, ал Дидар Хамза (73 келі) жапониялық қарсыласынан жеңіліп, күміс медальға ие болды. Рустам Ибраев (60 келі) пен Дастан Ықыбаев (73 келі) біріншілікте бесінші орынға тұрақтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети