23 шілде 2017 08:46

Қазақстандықтың "адамшошырлық" нокауты комментаторды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ММА Федерациясының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ММА Федерациясының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунд бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдығын танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман осы кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді. 

Өз кезегінде комментатор қазақстандық файтердің бұл соққысына "адамшошырлық" деп баға берді. 

"Қарсыластың соққы жасау техникасының ақсап тұрған жерін байқадым да, сол қателікті өз пайдама асырдым. Бапкерім Нұрлан Мамырәлиевтің кеңестері жақсы көмектесті. Жекпе-жек алдында ол маған бұл кездесуде 10 соққы ішінде аяқтау туралы тапсырма берді. Мен оны орындадым", - деді Арман Әшімов.

Қазақстанның ММА Ассоациациясының төрағасы Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, турнир ұйымдастырушылары жекпе-жекке жоғары баға беріп, Әшімовпен келісімшартқа қол қоюды бірден ұсыныпты. 

Арман Әшімов ММА-дан Қазақстан Кубогының иегері, К-1-ден Қазақстан, Еуразия, Еуропа чемпионы, Алаш Прайд турнирінде бірнеше рет жұдырықтасқан.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети