Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Риодан кейін бір жылға шеттетілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Риодан кейін бір жылға шеттетілетін болды © fedpress.ru

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда спортшылардан алынған қан сынамаларының ірі тексерісінен көп адамның ағзасында тыйым салынған заттардың анықталуы себеп болып отыр екен. 

"Рио Ойындарынан кейін бұл елдердің ұйымға мүшелік етуін тоқтатамыз. Бұған кепіл бола аламын. Бұл елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусь", - деді Аян. 

Оның айтуынша, ендігіде соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған жағдайда бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусті Рио Ойындарына жібергісі келмеген, бірақ ХОК өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді. 

"Қайта жасалып жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар - біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын қыркүйек айының соңында жария етеміз деп ойлаймын.", - деді Аян. 

Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді. "Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді", - деп мәлімдеді Аян.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети