Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына жаңа бапкер келді

02 Желтоқсан 2016, 21:36
0
Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына жаңа бапкер келді -

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шешім Қызылордада 2 желтоқсанда Федерацияның бапкерлермен болған кеңесінде қабылданды.

59 жастағы Юрий Мельников Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан бастап бапкер қызметін атқарып келеді. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бапкері де болған. 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Айта кетейік, Юрий Мельников соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мельник "Кұрмет" және басқа да Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және 20-жылдығы қарсаңында сыйланған медальдарға ие.

Еске сала кетейік, 25 қарашада осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде болған Алексей Ни қызметінен кеткен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай