Гюзель Манюрова. Фото ©Ярослав Радловский
Еркін күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Атап айтқанда, 58 келі салмақта жарыс алаңына шыққан Айжан Ісмағұлова екінші орыннан көрінсе, дәл сол салмақта бағын сынап көрген Меруерт Дынбаева қол медальді қанағат тұтты. Ал команда көшбасшысы, Афины және Лондон Олимпиадасының жүлдегері Гюзель Манюрова болса 75 келі салмақта сайысқа түсіп, күміс медальды ұтып алды. Еске сала кетейік, бұл күндері Минскіде Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Александр Медведтің жүлдесі үшін еркін күрестен 44-ші халықаралық турнир Гран-приі сарапқа салынуда. Турнирдің алғашқы күні қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде 5 бірдей медальді жеңіп алды. Ол турнирде өз салмағы бойынша сынға түскен Татьяна Аманжолға тең келер ешкім табылмады.
Еркін күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 58 келі салмақта жарыс алаңына шыққан Айжан Ісмағұлова екінші орыннан көрінсе, дәл сол салмақта бағын сынап көрген Меруерт Дынбаева қол медальді қанағат тұтты. Ал команда көшбасшысы, Афины және Лондон Олимпиадасының жүлдегері Гюзель Манюрова болса 75 келі салмақта сайысқа түсіп, күміс медальды ұтып алды.
Еске сала кетейік, бұл күндері Минскіде Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Александр Медведтің жүлдесі үшін еркін күрестен 44-ші халықаралық турнир Гран-приі сарапқа салынуда. Турнирдің алғашқы күні қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде 5 бірдей медальді жеңіп алды. Ол турнирде өз салмағы бойынша сынға түскен Татьяна Аманжолға тең келер ешкім табылмады.