09 ақпан 2017 | 20:45

Қазақстанның Биатлон федерациясы спортшылардан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үссенов Австрияда өтетін әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының спортшыларынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Чемпионат.сом" басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үссенов Австрияда өтетін әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының спортшыларынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Чемпионат.сом" басылымы.

"23 қаңтарда Инцель қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде ішінде қолданылған дәрі-дәрмектер мен біздің командамыздың дәрігері берген қағаз бар жәшік табылған. Осы себепті біздің спортшыларды тексере бастады. Полицейлер біздің команда тұратын қонақүйге келіп, бөлмелерде тінту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, НАДА ұйымы да допинг сынамасын жүргізді. Барлық спортшыны допинг сынамадан өткізіп, ДНҚ сараптамасын алды. Қазіргі уақытта сараптамалардың нәтижесін күтіп, спортшыларымыздан тыйым салынған заттар табылмайды деп сенеміз", - деді Манас Үссенов.

ҚР Биатлон федерациясы бас хатшысының айтуынша, жәшікте тыйым салынған заттар болмаған.

"Командадағы дәрі-дәрмектерді қолдануға рұқсат беретін құжаттар бар. Біздің ашылу салтанатында болмауымыз тінту жұмыстарына байланысты емес. Себебі, біздің спортшылар Алматыдағы Универсиада ойындарынан енді ғана келген болатын. Олар бүгінгі эстафетаға қатыспайды. Жалпы, команданың көңіл-күйі жақсы, барлық спортшы кінәсі жоқ екендеріне сенімді", - деді Манас Үссенов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерістен өткен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети